Бес жастағы қызды зорлаған күдіктіге қол көтерген сержантты халық жаппай қорғауда.



Оценок: 82 | Просмотров: 7574
Заңнан аттаса да, қарауылшыны босатуды сұраған жұрттың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде сағат сайын көбейіп барады. Тіпті, үлкендерді қойып темір торға қамалған сержантқа бүлдіршіндер де араша түсе бастаған.
Күдіктіні ұрып, басы дауға қалған сержантты қорғау шарасын Сәтпаев қаласының тұрғындары күні кеше ғана бастаған еді. Бірақ бір тәуліктің ішінде бастаманы қолдап шыққандардың саны күрт өсті. Барлығы бірдей билігін асыра пайдаланған айдауылды темір тордан босатуды сұрайды. Ал қарауылшының қорламай, керісінше қорғағанын айтқан мына бүлдіршін прокурорға арнайы бейнежазба жолдады.
Дегенмен сержанттың бұл қылығына қарсы шыққандар да бар. Жұрт ашуына ерік берсе де, тәртіп сақшысы заң бұзғанын айтады. Қарағандылықтар бес жасар қызды зорлап, үйінде ұстаған күдіктінің қылмысын тек сот жазалау керек деген пікірде.
Ал ашуына ерік беріп, бүлдіршінді тәулік бойы азаптаған күдіктіге қол жұмсаған сержант 22 жаста екен. Бауыржан Жалмағамбетовтың бұл қызметте жүргеніне бір-ақ жыл болған екен. Оқиға болған күні жұмыс орнынан тергеу абақтысына жеткізілген азамат бүгін кепіл арқылы бостандыққа шығуы мүмкін. Сұхбат беруден бас тартқан жақындары қазір тиісті құжат жинап әлек. Егер мемлекеттік айыптаушылар қарсылық танытпаса, айдауыл ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне қайтарылады.